"Қазақстанның демократия үшінгі халықтық одағы" атты коалиция құрамына Қазақстанның демократиялық партиясы енді

Д.Назарбаеваның айтуынша, "саяси партиялардың "Қазақстанның демократия үшінгі халықтық одағы" атты коалиция құрамына енуі олардың өз тәуелсіздігінен айрылғанын әсте білдірмейді". "Бұл - мақсаты мен міндеті бірдей саяси ұйымдардың ерікті одағы",- деді ол.

Д.Назарбаева "аталмыш коалицияға бірігу процессі одан әрі жалғасын табады" дегенге сенім білдірді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақстанның демократия үшінгі халықтық одағы" атты коалиция құру туралы идея бүгін , 7-маусымда өткен "Асар" партиясының кезектен тыс құрылтайында жария етілді. Халықтық одақ орталық пен жергілікті жерлерде әкімдерге қоғам тарапынан сенім білдіру жөніндегі халықтық бақылау комитеттерінің жұмысына сүйенбекші. Бұл комитеттер партиялық органдардың негізінде құрылады.