Қазақстанның демократиялық күштерін үйлестіру кеңесінің төрағасы болып Жармахан Тұяқбай сайланды

"6-желтоқсанда, Шідертіде Қазақстанның Демократиялық таңдауы партиясының жетекшісі Ғалымжан Жақияновтың басшылығымен өткен көшпелі отырысында кеңес төрағалыққа Жармахан Тұяқбайды бір дауыстан сайлады" ,- делінген мәлімдемеде.

"Дағдарыстан шығу , толыққанды саяси диалог орнату үшін" кеңес "демократиялық оппозиция мен ел президенті арасында" тікелей келіссөздер жүргізу арқылы бірқатар мәселені талқылауды ұсынады.