"өндіріске озық технолгиялар енгізілу және соған байланысты төтенше жағдайлардың пайда болу тәуекелдерін, ауаны ластайтын заттардың шектеулі шамадан артып кетуіне байланысты жекелеген оқиғалардың тіркелуіне, тұрғындардың арыз-шағымдарына және жергілікті атқарушы биліктің өтінішіне сәйкес Қарашығанақ кенішінің санитарлық-қорғаныс аймағының ауқымын түпкілікті анықтау үшін тәуелсіз сараптама жүргізу қажет деп санаймыз",- делінген жауапта.
Елді мекендердегі ауаның ахуалын бағалау және санитарлық-қорғаныс аймағының ауқымын негізді анықтау үшін республиканың бас прокуратурасының қарсылығына сәйкес жұмыс тобы құрылған, деді вице-министр. Оған денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің өкілдері мен парламент мәжілісінің депутаты А.Жамалов енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті