Қазақстанның десанттары ҰҚКҰ-ның Шапшаң қимылды ұжымдық күштерінің оқу-жаттығуларына қатысу үшін бүгін Алматы облысының Жетіген аэродромынан Беларусь еліне аттанды.
«Аэроұтқыр жасақтарының десанттық-штурмалық бригадасының 130 әскери қызметшісі мінген екі әскери ұшақ «Өзара іс-қимыл – 2013» оқу-жаттығуларына қатысу үшін Белорусь еліне аттанды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Аэроұтқыр жасағының өкілі мәлімдеді.
ҰҚКҰ Шапшаң қимылды ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары 20-25 қыркүйекте Беларусь елінде өтеді. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстанның 600-ден астам әскери қызметшісі қатысады.