Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері 2004-жылы траффик құрбанына айналған 16 Қазақстан азаматын елге қайтаруға көмек көрсетті - СІМ

Оның айтуынша, 2003-жылы елімізге қайтарылған азаматтардың саны 24 болған. СІМ-нің мәліметі бойынша, әсіресе Біріккен Араб Әмірліктерінен 19 адам қайтарылды.

У.Қоңырбаев күні бігінге дейін "Қазақстандықтарды отанына қайтару жұмыстары шетелдік халықаралық ұйымдардың" қаржысы есебінен жүзеге асырылып келеді. "Биыл әділет министрлігінің көмегімен біз үкіметке адамдарды қайтаруға арналған қаржыны бюджеттен бөлу туралы мәселе қойдық. Сөйтіп, ІІМ-нің қолдауымен бұл мәселе шешімін тапқан сыңайлы: келер жылдан бастап біздің қолымызда азаматтарды қайтарып алуға арналған қаржы болады",- деді консулдық қызмет департаментінің директоры.