Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі жөнінде Австралия және Канадамен келісу ғана қалды

"Біз АҚШ-пен принциптік тұрғыда уағдаластық. Еуроодақпен де қиындықтар болмайтын сыңайлы. Ендігі жерде тек Австралия және Канада елдерімен ғана мәмілеге келу қалып отыр",- деді президент.

"Қазақстан алдағы жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуді межелеп отырғаны белгілі. Бұл ұйымға мүше елдердің нарығындағы тауарлар мен қызмет түрлеріне өзара қол жеткізу мүмкіндігін беріп, отандық кәсіпорындарға бизнес жүргізудің халықаралық стандарттарына көшуге қуатты ынталандыру оқиғасы болмақ",- деді мемлекет басшысы.