"Кездесу барысында компанияның өндірістік іс-қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсері мен оның табиғат қорғау шаралары жайындағы мәселелер талқыланды. Н. Ысқақов өз сұхбаттастарына Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің табиғатты дұрыс пайдаланушылар мен табиғат қорғау заңнамасын ұдайы бұзатындардың рейтингін жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша "Би Джи Групп" компаниясына тұрақты дамуға көшудің мақсатты көрсеткіштерін ескере отырып, қоршаған ортаға тасталатын қалдықтарды азайту шараларын дәйектеу тапсырылды.
Өз кезегінде "Би Джи Групп" компаниясының атқарушы вице-президенті Чарльз Блэнд екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытты. Ол "табиғи газдың әлемдік нарықтарын нығайту және дамыту саласындағы тәжірибелері мен технологиялары Қазақстанүшін пайдалы бола алатынын" атап өтті.