Қазақстанның экологиясын жақсартуға оқушылар жасаған роботтар ат салысады

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Республикалық деңгейде өткен  робототехника саласы бойынша  сайыс «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Астана қаласы Білім басқармасы мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.

«Қазақстанның экологиясы мен туризм саласын дамыту» атты тақырып бойынша ұйымдастырылған жарысқа еліміз бойынша орта мектеп оқушыларынан құралған 57 команда қатысты.

Тапсырма бойынша ұстаздар «EV3 lego robot programming» технологиясы бойынша оқушыларды техникалық пәндерге қызығушылығын арттыруға тырысады. Оқушылардың жасаған роботтары жеке нұсқауларды орындайды. Оның ішінде сенсор арқылы түстерді таниды, айыра алады, жолда кездесетін кедергілерді айналып өтеді.

Роботтарды жасау мақсаты – бағдарламалау тілін зерделеу, дизайн ерекшеліктерін үйрену.


Mission» бағытына қатысқан 57 команданың ішінде ерекше өнертапқыштық пен конструкторлық идеялары үшін жүлделі орындарды Алматылық «Білім-инновация» қыз балалар лицейінің түлектері иеленді.

І орын - Ақат Ақерке - 10 «А» сыныбы, Кипшакбаева Нурфатима – 10 «В» сыныбынан алтын медальмен марапатталды;

ІІ орын - Кульясова Ажар – 10 «В», Нұрахан Алуа – 10 «В» және Омарқұлова Мадина – 10 «В», Саян Амина – 9 «В» күміс медальмен марапатталды.

"Болашақта еліміздің экологиясын мен туризм саласын дамытуға осы роботар көп ат салсатын болады", дейді мамандар.