"Бұл кәсіпорын "30 корпоративтік көшбасшы" атты мемлекеттік бағдарлама аясында бірінші жүзеге асқан инвестициялық жоба болып отыр, деп хабарлады әкімшіліктегілер. Сондай-ақ, "Қазақстан электролиз зауыты" еліміздегі алюминий кластерінің негізгі бастамасы болады. Зауыт құрылысына жоспарланып отырған қаржы мөлшері $850 млн құрайды.
Бұдан бұрын хабарланғанындай,"Қазақстанның электролиз зауытының" құрылысы 2003 жылы басталған. Кәсіпорынның жылдық жобалық қуаттылығы 250 мың тонна алюминий құймасын құрайды. Зауыт 125 тонналық қуаттылық кезекпен іске қостырылып, алюминий құймасы шығарылады.
Әкімдіктің ақпараты бойынша, 2007-жылдың 1 қыркүйегінде зауытта бірінші электролизер іске қосылып, күйдірілді. Бүгінде 60 электролизер кернеуге қосылған.
Сондай-ақ, бірінші кезеңдегі нысандарға жататын өндірістік қуаттылығы 62,5 мың тонналық алюминий шығару жоспарланған. Ал 125 тонна қуаттылыққа 2008 жылы көшу көзделген.
Сондай-ақ, екінші кезекті 3 жылдың ішінде салу жоспарланған. Ал толық жобалық қуаттылыққа 2010 жылы ауысу көзделген. Зауыт толық жұмыс іске қосылғанда 1500 адам еңбекпен қамтамасыз етіледі. Қазір құрылыс-монтаждық жұмыстарға 900 адам жұмылдырылып отыр. Баспасөз қызметі хабарлағанындай, зауыттың өндіріс технологиясы бүгінгі экологиялық талаптарға сай жүргізілуде.
Әкімдіктің ақпары бойынша, бүгінде уақытша ғимараттар, зауыт нысаны (материалдық блоктарының қоймасы, кіші электр станция 500/220 кВ, ВЛ 500 кВ-жүйесі), алаңнан тыс канализация жүйесі, зауыттың ішкі шойын жолы, өрт депосы, химиялық реагенттердің қоймасы, алюминий фторидін сақтау қоймасы, №1 и №2 су жылытқыш электрқазандары, №1 электролиз корпусының газдан тазалау қондырғылары, балқыту бөлімінің трансформаторлық кіші станциясы, электролиз корпусының таратқыш 10 кВ кіші станциясы пайдалануға берілді.
Бүгінде ішкі алаңдағы жылу жүйелерін орнату, тығыздалған ауа құбыры, алдын ала күйдірілген анодтарды түсіруге арналған теміржол торабы, №2 электролиз корпусын газдан тазалау қондырғысы, көлік гаражы, көлік жүру жолдарын салу сияқты жұмыстар атқарылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті