Қазақстанның екі былғары қолғап шебері бокстан әлем чемпионатының ақтық сынына шықты

Айта кетейік, литвалық боксшы Қазақстан спортшының соққысынан кейін жекпе-жекті жалғастырудан өзі бас тартты.

Сонымен қатар Өзбекстан құрамасының үміт артқан спортшысы Ельшод Расуловты тізе бүктірген тағы бір боксшымыз Әділбек Ниязымбетов чемпионаттың ақтық сынына шықты.

Осылайша екі былғары қолғап шеберіміз бокстан әлем чемпионатының финалына жолдама алды.