Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова, Қазақ Ұлттық музыка академиясының ректоры Айман Мұсақожаева және т.б.
Бүгін бесінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында еліміздің екі мәдениет қайраткеріне - «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов пен Қазіргі заманғы өнер мұражайының директоры Нелли Шивринаға «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданды, деп жазады astana.gov.kz.
«Бір жағынан маған өте құрметті әрі жауапты міндет жүктеліп отыр, Қазақстан Республикасы мен елорданың мәдениеті мен өнерін дамытуға орасан қосқан үлесі үшін Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы мен Шиврина Нелли Викторовнаға «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсайын Нағаспаев.
Айта кетейік, Төлеген Мұхамеджанов - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, «Парасат» орденінің кавалері, «Мәдениет» аталымында «Жыл адамы -2012» халықаралық сыйлығының иегері.
Нелли Шиврина - «Мәдениет кайраткері» төс белгісімен, «Шапағат», «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған, басқа да мерейтойлық наградалардың иегері, Польша Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.