Қазақстанның екі облысында бұрқасын салдарынан жолдар жабылды

(Ақтөбе облысы)

24.01. Сағат 22:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінім шектелуі) «Хромтау-Никельтау-Бадамша» автожолы учаскесінде (0-48-ші шақырымдар, Хромтау қаласы-Бадамша кенті) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

(Шығыс Қазақстан облысы)

24.01. Ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінім нашарлауы, күшті жел) мына жолдарда автокөліктің барлық түрі үшін жолдар жабылды:

Сағат 10:30-дан бастап облыстық маңыздағы «Мақаншы-Жалаңашкөл»  автожолында (0-133-ші шақырымдар);


Сағат 15:00-ден бастап, республикалық маңыздағы «Қарағанды -Аягөз-Бұғаз» автожолында (707-900-ші шақырымдар, Аягөз қаласы - Ақсуат ауылы);

Сағат 23.30-дан бастап облыстық маңыздағы «Күршім-Қалжыр» автожолында (0-131-ші шақырымдар).