Қазақстанның солтүстігінде соңғы бірнеше күндері ауа температурасы күрт көтеріліп кетті. Қардың қарқынды түрде еруі тас жол арқылы ағын судың келуіне әкеп соқты.
Қазіргі уақытта «Екатеринбург-Алматы» республикалық тас жолының екі учаскесі жабылды. Севастополь кентінен Солтүстік Қазақстан облысының (719-729 шақырым) шекарасына дейін, Қостанай облысы шекарасынан Тоқсанби ауылына дейін (729-768 шақырым) шектеу қойылды.
ККМ Ситуациялық орталығының деректері бойынша аталған учаскеде су басып кеткен жолдың жалпы ұзындығы 300 метрге жуық.
Қазір ТЖ орнында «Қазавтожол» РМК-ның 6 техникасы және аудандық құтқару қызметінің 17 техникасы жұмыс істеуде.