2014 жылғы наурыздағы жағдай бойынша, өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында белгіленді - 223,9 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 75,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,6%-ға төмен.
«Кедейліктің аймақтық бөлінісін қарастыра отырып, 2013 жылы кедейліктің жоғары мәндері Оңтүстік Қазақстан (5,9%), Солтүстік Қазақстан (4,8%), Ақмола (3,9%), Батыс Қазақстан (3,7%) және Қызылорда облыстарында (3,6%) тіркелген», - деп атап өтілген хабарламада.