"Рейдерлік - еліміз экономикасының даму жолындағы аса күрделі қатерлердің біріне айналуға байланысты сізден Қазақстанның еңбек конфедерациясының атынан өзіңіздің тікелей басқаруыңызбен сыбайлас жемқорлықтың осынау аса қатерлі түрімен күрес жөніндегі арнаулы топ құруды сұраймын",- деп мәлімдеді С.Әбдірахманов президентке жазған хатында.
"Қазақстанда рейдерліктің ауқымы төтенше арта түсті. Мамандардың бағалауынша, "бизнестің" бұл түрінің рентабельділігі 500-1000 процентке тең",- деп мәлімдеді депутат.
С.Әбдірахманов Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткен соң "меншікті басып алуда "үлкен" тәжірибе жинақтаған, ұлығаусар қаржысы бар халықаралық рейдерлерге есігіміз ашылады-ау" деген қаупін білдірді.
Президентке жолдаған хатында С.Әбдірахманов атын атаудан бас тартқан бір құқық қорғау ұйымының қызметкерінен алған "схеманы" мысалға келтірген. Онда рейдерлік қызметтің құны айтылады. Мәселен, "бизнесті барлау" деп аталатын қызмет түрі 5- 20 мың АҚШ долларын, "нысанды басып алу схемасын жасау" - 10-30 мың АҚШ долларын, "басып алуды ұйымдастыру" (оған салық инспекторларымен келісу (25 мың АҚШ доллары) және акционерлер реестріндегі жазбаларды өзгерту кіреді) - Алматы мен Астанада 10 мың АҚШ долларын құрайды.
Сот тарапынан реестрді тұтқындау, жиналысқа тыйым салу немесе акционерлер жиналысының нәтижелерінің күшін жою ауылдық жерлерде 25 мың АҚШ долларын, облыс орталықтарында 5-50 мың АҚШ долларын құрайды. Ал сот үкімін орындатушылар тарапынан сот шешімін орындату облыс орталықтарында 5 мың доллардан жоғары, ауылдық жерлерде - 1,5 мың доллардан жоғары бағаланады. Рейдерлер клиенттің қорғану қабілеті мен қожайынның алмасуына жауап қату қабілетін бағалау қызметін 3-10 мың долларға атқарады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті