Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бірақтар кадрлық тағайындаулар болды.
Үкіметтің 19-тамыз күнгі қаулысына орай еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып Светлана Жақыпова тағайындалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Алдында ол осы министрліктің әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның жобалық офис бағдарламалары жетекшісі болған.
Министрдің бұйрығымен бақылау және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы болып Ақмади Сарбасов, көші-қон жөніндегі комитеттің төрағасы болып- Саламат Аманбаев тағайындалды.
Министрдің бұйрығына орай Серікқали Бисакаев республикалық еңбекті қорғау ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі болды. Бұған дейін ол Қазақстанның еңбек жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келген.