«Осы жылдан бастап, біз Мемлекет басшысының тапсырмасына орай еңбек нарығының дамуының бесжылдық болжамын әзірлеуді қамтамасыз етуге тиістіміз. Мұндай жұмысқа ауқымды түрде алғаш рет кірісіп отырмыз. Бұл мәселе 2015-2019 жылдарға арналған еліміздің үдемелі индустриалды-иннвациялық даму мемдекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу барысында ерекше өзекті. Ағымдағы жылдың мамырында бізде бесжылдыққа арналған жаңа жоба болуы тиісті», - деді Г.Әбдіқалықова.
Вице-премьердің атап өтуінше, аталған болжамдағы маңызды тараудың бірі кадрмен қамтамасыз ету болуы тиіс. Яғни, мамырға дейін экономикамызға қандай мамандықтар керектігін әрі оларды қайда оқыту қажеттігін толығымен анықтау қажет. «Бұл ретте Білім беру, Еңбек және өнеркәсіптік сипаттағы министрліктердің арасындағы өзара байланыс өте маңызды», - деді ол.