Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы лауазымына сайлануы ұйымға мүше барлық елдердің теңдік принципін растады - Назарбаев

"Бұл сайлау ЕҚЫҰ-ына мүше барлық мемлекеттердің теңдігін, бұл жерде бірінші және екінші сортты елдердің жоқтығын дәлелдеді", -деді президент.

"Бұл аса маңызды оқиға, өйткені, посткеңестік кеңістіктегі мемлекет, азиялық мемлекет, түркі әлемінің мемлекеті тарихта алғаш рет осы ұйымның төрағасы болып сайланып отыр", -деді ол.

"Әрине, ЕҚЫҰ-ына мүше елдердің 2010 жылы Қазақстанның төраға болуын бір дауыстан қолдауы елеулі оқиға. Бұл дүниежүзіндегі аса ірі оқиға және Қазақстан үшін бұл үлкен бедел", - деді Н. Назарбаев. "Біз ЕҚЫҰ-ына мүше барлық мемлекеттерге бізді қолдағаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Біз олар өзімізді дос ретінде қолдады, бізге кей жағынан аванс берді және біз соған сай келуге тиіспіз деп санаймыз", - деді ол.

Н. Назарбаевтың пайымдауынша, Қазақстан "өзінің ұлтаралық келісім саласындағы тәжірибесін осы ұйымға енгізе алады". "Қауіпсіздік бойынша лаңкестік, есірткі тасымалы мен есірткі өндірісі етек алып отырған аймаққа жақын орналасқан өңір ретінде бұл өңірдің маңызы зор. Және бұл мәселеде дінаралық толеранттылықтың да маңызы зор. Яғни, біз осындай тәжірибемізбен бөлісе аламыз", - деді президент.

"Интеграциялық тұрғыда Қазақстан бұрын да ТМД және ЕурАзЭҚ аясындағы интеграцияның бастамашысы болған. Қазақстанның төрағалыққа келуін біз , әрине, өзіміздің өңірдегі интеграцияның қуаты арта түсуіне жұмсайтын боламыз", - деді мемлекет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті