"Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Орталық Азия өңіріндегі әлеуетін нығайтудың кең көлемді жоспарын жасады", -деп мәлімдеді Қ. Тоқаев.
Оның айтуынша, "сол себепті де еліміз төрағалық қызметті үлкен қызығушылықпен күтіп отыр. Өйткені, Қазақстан осы өңірдегі жаппай мойындалған көшбасшы мемлекет және жалпы алғанда, Қазақстанның төрағалығы Ванкуверден Владивостокқа дейінгі ұлығаусар кеңістікті алып жатқан ЕҚЫҰ ареалындағы Орталық Азиялық өлшемнің күшейе түскенін меңзейді".
К. Тоқаев сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының басқарушылары құрамына сайлануы оңды роль атқаратынан атап өтті. "Біз Қазақстан ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының әлеуетін нығайтуға өзіндік елеулі үлесін қоса алады деп санаймыз", -деді ол.