Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауы - Еуропа тарапынан берілген жоғары сенім мен жоғары баға - Затлерс

"Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаудан алары көп. Бұл Еуропаның Қазақстанға деген сенімі, бұл - аса жоғары баға", -деді В. Затлерс.

"Атлант мұхитынан Қазақстанға дейінгі бүкіл Еуропа аумағы үшін жауапкершілік Қазақстанға жүктелмекші. Бұл - үлкен жауапкершілік. Өйткені, сіздер қазір өзіміз тіпті болжай алмайтын көптеген мәселелер бойынша шешім қабылдайтын боласыздар. Сіздер бұған дайындалуларыңыз, осы процесске жақындай түсулеріңіз керек. Қазақстан оны атқара алатынын дәлелдейтін боласыздар", - деді В. Затлерс.