Қазақстанның Еуроодақпен ДСҰ-на кіру жөніндегі келіссөздері аяқталды

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Жан-жақты және екі жақты келіссөздердің белсенді кезеңі жүріп жатыр. Еуропалық одақпен және АҚШ-пен арада келісілмеген мәселелер болатын. ЕО-пен келістік, қазір екі жақты келісімге қол қою стадиясындамыз», - деді ол бейсенбі күні депутаттарға.

«Екі ай келіссөздер жүргізілгеннен кейін, жыл соңына қарай Қазақстанның қай уақытта ДСҰ-на кіретіні белгілі болады деп ойлаймын. Келіссөздер жүріп жатыр, ол аяқталуға жақын», - деп қосты Е.Досаев.


Қазақстан ДСҰ-на кіру туралы өтінішті 1996 жылы берген болатын.