Қазақстанның футбол федерациясы атауы мен логотипін өзгертті

Қабылданған шешімге сәйкес, Қазақстанның футбол федерациясы атауы мен логотипін өзгертті. 

"Логотиптегі федерацияның толық атауы KFF болып қысқартылып, енді халықаралық деңгейде қолдануға ыңғайлы әрі ықшам кейіпке енді", — делінген федерация хабарламасында.

Логотиптің түсі мен негізгі элементтері сақталған: қыран (егемендік нышаны),  доп (футбол) және күн (жарқын болашаққа сенім белгісі). 2017 жылдың соңына дейін жаңа үлгіге біртіндеп ауысу жүзеге асырылады.