Қазақстанның футбол федерациясы мен қаржы полициясы келісімшарттық матчтармен бірлесіп күреспек

Бұл құжатқа бүгін қаржы полициясы басшысының бірінші орынбасары Андрей Лукин мен Қазақстан кәсіби футбол лигасы төрағасы Михаил Гурман қол қойды.

«Келісушілермен күресте тараптар Қазақстан аумағында Кәсіби футбол лигасы өткізетін ресми футбол матчтарының қорытындысына қайшы ықпал етудің алдын алмақ», деп ҚФФ баспасөз қызметінің хабарламасында мәлімделген.

Мұнымен қатар, тараптар келісімшарттық матчтармен және ұлттық футболда басқа заң бұзушылықтармен күресте бірлескен әрекетті жүзеге асыруға бірлескен профилактикалық іс-шаралар, ақпарат алмасу, заңдық базаны жетілдіру жұмысы, оқу семинарлар өткізу, өз құзыры шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мүмкіндік береді.

Меморандумға сәйкес, ресми футбол матчының қорытындысына қайшы келетін әрекеттерге мыналар жатады:


матчтардың қорытындысына ықпал ету мақсатында футболистерді, футбол бойынша судьяларды, жаттықтырушыларды, команда басшылары мен басқа мүшелерді немесе кәсіби футбол матчтарының ұйымдастырушыларымен ауызбастырғы беру арқылы сөзбайласу.

Футболшылардың, футбол судьяларының, жаттықтырушылардың, команда басшылары мен өзге қатысушылардың немесе матч ұйымдастырушылардың матч қорытындысына ықпал ету мақсатында берілген ақша, бағалы қағаздар немесе өзге мүлікті заңсыз алуы, сондай-ақ оларға сол мақсатта берілген мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалану.