Қазақстанның Футбол Одағының бас директоры болып Құрман Әкімқұлов сайланды

ҚФО мәліметтерінше, Қ.Әкімқұловтың футбол саласында тәжірибесі мол. Ол осыған дейін Қазақстан Футбол Одағы мен өзі басқарып келген "Астана" футбол клубында жұмыс жасаған.

Қазақстан Футбол Одағының бас директоры ретінде Қ. Әкімқұлов ұлттық құраманың жайын реттейтін болады,-деп атап көрсетілген ҚФО баспасөз хабарламасында.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 43 жастағы К.Әкімқұловтың жеке меншік және мемлекеттік құрылымдарда, шет елдер мен Қазақстан Футбол Одағында қызмет тәжірибелері бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті