Қазақстанның футболдан 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы ирандықтардан жеңіліс тапты

16 команда қатысып жатқан бұл жарыста аға бапкер Михаил Соловьев бастаған қазақстандықтар «В» тобында бақ сынауда. Иран құрамасымен болған алғашқы ойынның 5-минутында қонақтар пенальтиден есеп ашты. Ал ойынның екінші жартысында шабуылшы Әлішер Сүлей есепті теңестірді. 81-минутта Михаил Голубничий қорғаған Қазақстан қақпасынан ирандықтар екінші рет саңылау тауып, жеңісті өз пайдасына шешіп кетті, есеп - 1:2.

Келесі ойын ертең, Финляндия құрамасымен өтеді.