Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы үш жаңа ойыншымен толықты

ҚазАқпаратқа бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясынан хабарлады.

Еуро-2012 іріктеу турнирінің матчына дайындалып жатқан ұлттық құраманың қатарына тағы үш ойыншы шақырылды. Дисквалификация алуларына байланысты қорғаушы Александр Кислицын мен жартылай қорғаушы Андрей Карпович Германиямен болатын бүгінгі ойынға қатыса алмайтын болды. Сондықтан да құраманың қатарына орталық қорғаушы Иван Шевченко («Локомотив»), қапталдағы қорғаушы Фархадбек Ирисметов («Тобыл») және орталық қорғаушы Сергей Скорых («Шахтер») шақырылып отыр.