Қазақстанның газ және мұнай құбырлары қалыпты жағдайда - Еуропалық Комиссияның өкілі

Ж.Тырлэнің айтуынша, "Қазақстандағы мұнай -газ өндіру және тасымалдау секторын қолдау" жөніндегі жобаны жүзеге асыру барысында ұлттық екі тасымал жүйесіне қамтылатын бірнеше мұнай және газ құбырлары тексерілген. ""ҚазТрансОйл" ЖАҚ мен "ҚазТрансГаз" ЖАҚ дұрыс бағытта жұмыс істеп, бұрындары жол берілген қателіктерді жоюға талпыныс жасауда деген тұжырымға келдік",- дейді Ж.Тырлэ.

Жоба жетекшісінің пікірінше, "Мұнай құбырларына қатысты дүниежүзіндегі ең басты тауқымет- металлдың коррозияға ұшырауы болып табылады. Біз құбыр жүйесіне бақылау жасаудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолданысқа енгізу бағытында бірнеше нұсқау бердік. 18-қыркүйекте бұл нұсқаулар Қазақстанның Ұлттық компанияларына жіберіледі".
Алайда, Ж.Тырлэ мырзаның хабарлауынша, "Қазақстанның құбыр жүйесі ахуалына талдау жасау барысында қоршаған орта, еңбек және денсаулық қорғау саласындағы халықаралық нормаларды орындауда "ҚазТрансОйл" ЖАҚ мен "ҚазТрансГаз" ЖАҚ-дарының едәуір ілгерілеушілікке қол жеткізгенін көріп білдік",- деді ол.