Қазақстанның ІІМ көлік жүргізу куәлігінсіз көлік жүргізгені үшін әкімшілік қамау жазасын қолданады



"Бұдан былай жүргізуші куәлігінсіз жүретін жүргізушілерге ең қатаң жаза қолданылатын болады. Яғни Әкімшілік кодекстің 524-бабы бойынша әкімшілік қамауға алынады, бұл 10 тәулікке дейін бас бостандығынан айыруға мүмкіндік береді және де бұған қоса әкімшілік айыппұл салынады",- деді Бағдат Қожахметов.

Ол, осындай шараның Ақтөбеде қолданылғандығын еске сала кетті: "көлік жүргізу куәлігінсіз көлік басқарған үш жүргізуші бестен он күнге дейін бас бостандығынан айрылған".

"Біздің пайымдауымызша, халық бұл ақпаратты оң қабақпен қабылдайды, екі апта бұрын ғана Ақтөбеде мас жүргізушінің кінәсынан жол апаты болып, он бес адам, соның ішінде бала да қайтыс болды",- деп атап өтті ІІМ өкілі.

Б. Қожахметов сондай-ақ, "көлікті мас күйінде басқарғаны үшін тағайындалатын жазаны қатайту мақсатында және де әкімшілік істі жедел қарау мақсатында Қазақстанда көшпелі сот отырыстарын өткізу тәжірибесі қолданыла бастады", деп атап көрсетті.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тек өткен аптада 134 көшпелі сот отырысы өткен, онда 190 іс қаралған. Көлікті мас күйінде айдаған барлық жүргізуші әртүрлі мерзімге жүргізуші куәліктерінен айрылған.