Қазақстанның ІІМ Жол полициясы комитетінде қызметкерлер аттестациядан өткізілмек

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, министрдің бұйрығымен аттестациялық комиссияның құрамы, аттестация өткізу кестесі, жол полициясының қызметкерлеріне қойылатын талаптардың тізімі бекітілді.