Қазақстанның Инвестициялық қоры Ресейдің ағаш өңдеу комбинатының акционеріне айналды

"Инвестициялық қор комбинаты жаңалау және оны Қазақстанның ағаш өнеркәсібі кешеніне интеграциялау жөніндегі ірі жобаның қатысушысына айналды. Бұл инвестиция Қазақстанда орман өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып, Қазақстанның Инвестициялық қорының басты мақсаты - ел экономикасын әртараптандыруға септігін тигізуге мүмкіндік береді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазір қор түрлі жобаларға $6 млн - $60 млн дейін инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруда, осыған байланысты "Қазақстанның инвестициялық қоры туралы" заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы жасалған, ол қазір бекітілу процессінде.