Қазақстанның иптотекалық компаниясының акционері өзгерді

"Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ-ның хабарламасында атап көрсетілгеніндей, бүгінде компанияның бірден-бір акционері - ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болып табылады. "Бұл тұрғыда толыққанды ақпарат жарияланбай отыр",- дейді қор биржасындағылар.

Бұған дейін компанияның жеке акционері болған ҚР Ұлттық банкі "Қазақстан ипотекалық компаниясының" акцияларын сенімді басқаруға беру жөніндегі келісім-шартына сәйкес ҚР заңдары мен ипотекалық компанияның жарғысы бойынша бірден-бір акционердің құзырына берілген мәселелер бойынша шешім шығару құқығын Қаржы министрлігіне берген.
Қазақстан ипотекалық компаниясы несие тарату және факторинг қызметтерін көрсетеді.