"Қазақстандық бітімгершілер Иракта 6 ай болуға тиіс және бұл мерзім орындалады",- деді Б.Сембинов. "Қазбат жаздың аяғында алмастырылады деп ойлаймын. Нақты кесте халықаралық коалиция құрамындағы әріптес-елдермен келісу нәтижесінде анықталады",- деді қорғаныс министрінің орынбасары. Оның айтуынша, қазір бітімгершілерді ауыстыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бітімгершілер тобы бұрынғыдай 27 адамнан тұратын болады.
Қазіргі жағдаймен Қазақстанның Ирактағы инженерлік-саперлік отряды халықаралық коалиция құрамындағы ең кәсіби бөлімшеге саналады, деді Б.Сембинов. Оның айтуынша, қазақстандық саперлер 3,5 млн. оқ-дәрінің көзін жойды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 17-мамырда Астанада ҚР Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев қазақстандық жауынгерлерді Ирактан шығару туралы пікір білдірген. "Қазбат Иракта жеткілікті тәжірибе жинақтады, сондықтан еліміздің Ирактағы бөлімшесінің жұмысын доғару туралы ойланатын мерзім жетті",- деді ол. "Ирактағы жауынгерлерді шығару немесе бөлімшенің сол елде қызмет атқаратын мерзімі аяқталғаннан кейін жаңадан әскерлер жібермеуді ойластыру қажет",- деп атап көрсеткен министр осы орайда бұл тек өзінің жеке пікірі екенін мәлімдеді.
"Біз түрлі жағдаяттарға қарамастан, өзіміздің халықаралық міндеттемелерімізді толық орындайтынымызды дәлелдедік",- деді ол.