Қазақстанның Ішкі істер министрлігі қылмыстардың алдын алу және ескерту туралы заң жобасын дайындады

Вице-министр айтқанындай,"заң жобасының негізгі мақсаты қылмыстарды жасауға алғышарт немесе жағдай тудырмау, қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында бірыңғай саясат қолдану болып табылады".

Ол атап өткеніндей, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына мемлекеттік органдар мен бірге мемлекеттік емес ұйымдарды тарту ұсынылып отыр. "Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар жүйесі бар, соның аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін гранттар бөлінуі тиіс", -деп есептейді А. Шпекбаев.

Бүгінгі күні заң жобасы жалпы зерттеліп, ҚР президентінің жанындағы құқықтық саясат жөніндегі кеңесте мақұлданды.