Қазақстанның ішкі валюта нарығында жағдай тұрақты

"Валюталық нарықта жағдай тұрақты қалыпта. Қазан айында доллар бағасы 121 теңгеден аспады", - деді Ә. Сайденов.

Баспасөз баянында айтылғанындай, теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 120,55 - 120,98 тенге аралығында ауытқыды. Қазан айында теңге 0,06 % нығайып, (жыл басынан -4,81% ) айдың соңында биржалық теңге бағамы, долларға шаққанда 120,89 теңгені құрады.

Ұлттық банк басшысының сөздеріне қарағанда, "Ұлттық банк интервенциясының көлемі қазан айында айтарлықтай төмендеді". "Естеріңізге сала кетейін, қыркүйек айында біздің сауда-саттығымыз 1 млрд 600 млн, ал қазанда олар 1 млрд болды. Бұл жерде сату құрылымы өте маңызды, өйткені, 1млрд 600 миллионға саттық, тіпті сатылым емес, Ұлттық қордағы теңгені долларға айырбастадық. Яғни, ішкі валюталық нарыққа біз қазан айында $400 саттық, бұл айтарлықтай төмендеудің нышаны...." - деп толықтырды өз ойын Ә. Сәйденов.

"Біздің ойымызша, Қазақстан эспортының негіздерін құрайтын мұнай, металл, бидай сияқты өнімдердің бағасы қарқынды өсуде... сондықтан жыл соңына дейін экспорттан түсетін табыс қомақты болады деп отырмыз. Сондықтан, жыл аяғына дейін ақшаның айырбас құнына байсалды көзқараспен қарауға болады. Яғни, мұнда күрт ауытқулар болмайды, тіпті біздің қатысуымыз да азайып барады", дегенді бас банкир атап өтті. Сонымен қатар ол, "егер қарашаның 14 күнін зерделеп қарасақ, осы уақытта біз активімізді көтеріп алдық. Биржалық сауда-саттықты және ҰБ алатын болсақ, біз $300 млн аса АҚШ долларын сатып алдық ", деді.

Қазақстан қор биржасындағы операциялардың көлемі мен қосымша жасалған сауданы ескергенде, қыркүйек айымен салыстырғанда, сауда 42,2 % азайып, $3,8 (жыл басынан бері - $62,8$млрд) құрады. Биржадан тыс валюталық нарықтағы операция көлемі 37,5% азайып, $7,9млрд (жыл басынан $125,1млрд) құрады, деген дерек баспасөз баянында жарияланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті