Қазақстанның кәсіподақ ұйымдары федерациясының басшылығы кәсіподақ ұйымдарының біртұтас орталығын құру жөніндегі диалогқа келіспей отыр - Қазақстанның еңбек конфедерациясы

"Пікірталастардан кәсіподақ ұйымдарының федерациясы емес, оның басшылығы бас тартып отыр",- деді Қазақстанның еңбек конфедерациясының вице-президенті Леонид Соломин. "Біздің білуімізше, бүгінде 1,5 млн. адамды біріктіріп отырған Федерацияға мүше ұйымдар арасында пікірталастар басталып та кеткен",- деді Қазақстанның еңбек конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Машкенов. Баспасөз мәслихатында таратылған Қазақстанның еңбек конфедерациясының баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, "кез-келген жаңашыл ұсыныстарды Қазақстан кәсіподақ ұйымдарының федерациясы кәсіподақ ұйымдары қозғалысының қатарындағы жікшілдік ретінде қарастырады".

Ал Қазақстанның еңбек конфедерациясының басшылығы өз бастамасының қажеттігіне шәк келтірмейді. "Қазақстанда кәсіподақ ұйымдарының біртұтас орталығын құруға қажеттілік туындады",- деді Қазақстанның еңбек конфедерациясының президенті Серік Әбдірахманов. "Біз бұл бастаманы қызметкерлердің еңбек құқығын қорғай алатын нақты орталық құру үшін көтеріп отырмыз",- деді ол.
Баспасөз мәслихатына қатысушылар еліміздегі барлық кәсіподақ ұйымдарын пікірталасқа шақырады. "Қазақстанның еңбек конфедерациясы кәсіподақ ұйымдарының біртұтас орталығын құру жайында жалпыұлттық пікірталас өткізуді" ұсынып отырғанын жеткізген Л.Соломин : "кәсіподақ ұйымдары бұйығылықтан құтылуы тиіс",- деп атап өтті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кәсіподақ ұйымдарының біртұтас орталығын құру туралы бастаманы Қазақстанның еңбек конфедерациясы көтерген. Осындай ұсынысы бар хат Қазақстанның кәсіподақ ұйымдары федерациясының басшылығына жолданды.