Қазақстанның Каспий транспорттық жүйесін құруға 1 млрд. 600 млн. теңге көлемінде қаржы қажет

Оның айтуынша, жүйеге Ескене-Құрық мұнай құбыры мен мұнай құятын терминал, Каспий теңізімен танкерлермен Бакуге дейін және одан әрі Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен мұнай тасымалдау жолы енеді.

"Бұл жүйе Құрық айлағынан жыл сайын бастапқы кезеңде 25 млн. тонна мұнай тасымалдауға және келешекте оның көлемін жылына 38 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді",- деді М.Батырбаев.

Оның айтуынша, сондай-ақ, Құрық айлағында терминал салу үшін 700 млн. доллар жұмсалады. Ал танкерлерді жасауға - 400 млн. долларға жуқ қаржы бөлінеді. Бұған қоса Әзербайжан аумағында терминал салу межеленген. Оның құны 570 млн. долларға жуық.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті