"Жер серігі маусымның 8 мен 22 аралығында ұшуға тиіс болатын. Сөйтіп ол 18-маусымда ұшырылатын болды",- деді А.Жұмағалиев. Бұған дейін жер серігі 8-маусымда ұшырылады деп межеленген-тұғын.
Қазір 92А50 алаңдағы домалатушы стендте орнатылған ғарыштық аппараттың электр желілері мен жүйелері тексерілуде. Жұмыс кестесіне сәйкес, электр сынақтары 13 күнге созылады. Ғарыш айлағының мамандары ғарыштық аппаратпен бірге оны кеңістікке шығаратын "Протон-К" зымыран тасығышы мен ДМ-3 үдеткіш блогын сынақтардан өткізуде.
Сонымен бірге ДМ-3 үдеткіш блогына жанармай құю және ұшыру кешенін алдағы ұшырылымға дайындау жұмыстары басталды.