Қазақстанның кеден қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істердің үштен екі бөлігін ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті қозғады

"Комитет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы шараларды белсенді жүзеге асыруда. Соның нәтижесінде жыл басынан бері өз қызметкерлеріміздің үстінен 50 қылмыстық іс қозғалды", -делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Қазақстанның кеден органдарының қызметкерлерінің үстінен жалпы 82 қылмыстық іс қозғалаған. Осы уақытта 27 кеден қызметкері жұмыстан шығарылып, 67 лауазым иесі сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылды.