Қазақстанның кен-металлургия кешенінің өнімі Иран мен араб елдеріне бағытталады

«Тау-кен өндіруші және кен-металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кен-металлургия кешені комитетінің төрағасы Николай Радостовец мәлім етті.

Оның пайымынша, Қазақстанның тау-кен  және металлургиялық кешенінде өнім экспортының географиясы өзгеруске ұшырауы мүмкін.

«Біз үшін өте перспективалы бағыт - ол Иран. Осы орайда Иран біз үшін ашық мемлекет болады деп үміттенеміз. Бұл тұрғыда санкциялық кедергілер де күшін жояды деп күтеміз. Мұнымен қоса, араб елдеріне және басқа да елдерге өнім өткізуге ниеттіміз», - деді Н. Радостовец.

Биылдың басында Үкімет кен-металлургиялық кешенін қолдау бойынша теңдессіз қадамдарды қабылдағанын айта келе, бұл бағытта темір жол көлігімен жүктерді тасымалдауға жеңілдіктер ұсыну қамтылғанын атап өтті.


Оның сөзіне қарағанда, бірнеше жыл бойы мұндай жеңілдіктер ешкімге де ұсынылмады. «Көліктік шығыстар жоғары болғандықтан көптеген экспортшылар жаңа нарықтарға шыға алмады. Енді, ұсынылған жеңілдіктерге орай,  екінші жартыжылдықта біздің өнімді жеткізу бойынша өзгеріске ұшыраған жаңа бағыттарды байқайтын боламыз», - деді Н. Радостовец.