Қазақстанның Халық әртісі Жүсіпбек Елебеков жайында кітап жарыққа шықты


Бұл туралы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталмыш кітапта Қазақстанның Халық әртісі, әнші Жүсіпбек Елебековтің өнегелі өмірі мен тағылымды өнер жолы турасында егжей-тегжейлі баяндалады. Ғұмырнамалық хикаятта ұлы әншінің өмір сүрген дәуірі тұтас қамтыла зерттелген және Ж.Елебековтің замандастары, қазақ өнері мен мәдениетінің қайраткерлері, атап айтқанда: Қалибек Қуанышбаев, Ахмет Жұбанов, Шәкен Айманов, Әбікен Хасенов, Құрманбек Жандарбеков, Рамазан Елебаев, Орынбек Беков, Тоқбай Жұмағұлов және т.б. өнер тарландары жайында да құнды деректер молынан берілген.