"Жыл өткен сайын өзіңді өсірген туған жерге деген сағыныш сезімің арта түседі", - деді ақын. - Мен мұнда 18 жылдан астам уақыт бойы келген жоқпын, сондықтан да туған жердің ауасымен тыныстап, Маралды көлінің жағасында демалуға ұйғардым. Туған жерімді қайта көргеніме бақыттымын».
Атақты жерлесін ауылдастары қуаышпен қарсы алды - балалар оның өлеңдерін оқыды, хор «Маралдым» әнін шырқап, оған бүкіл зал қосылды.
Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесуде ақын туған жерінен алған әсерлерін айтып берді. Елдегі өркенді өзгерістер, өмір сапасының арта түсуі, ауыл шаруашылығы дамып, мәдениет өркендей түскені, көшелердің абаттандыруы оның көңіліне қуаныш ұялатты.
Аймақ басшысы Қазақстанның халық жазушысына қазақ әдебиеті мен поэзиясын дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс айтты, Павлодар облысының, М.Әлімбаевтың туған жері - Шарбақты ауылының жетістіктері туралы әңгімеледі.