Қазақстанның халықаралық резервтері қыркүйекте 4,9%-ке өсті



Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету, Ұлттық қордың активтерін толықтыру және Ұлттық Банктің ішкі валюта нарығындағы операциялары Үкіметтің шоттарына шетел валютасының түсуімен ішінара бейтараптандырылды. Нәтижесінде таза валюталық қорлар 413,9 млн. долларға өсіп, 7401,5 млн. млн. долларға жетті. Алтындағы активтер жүргізілген операциялар және оның әлемдік нарықтардағы бағасының 9,3% ұлғаюы нәтижесінде 81,2 млн. долларға өсіп, 901,4 млн. долларға жетті.
Тұрақты бағамен алғанда Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 5,3 процентке, еркін айналмалы валютадағы таза активтері 5,9 процентке, алтын түріндегі активтері 0,5 процентке өсті.
Ұлттық банктің таза ішкі активтердің өсуі 2005-жылдың қыркүйек айында ақша базасының 15,8 процентке , немесе 87,4 млрд. теңгеге артып, 642,3 млрд. теңгеге жетуіне әсер етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті