Қазақстанның халықаралық резервтері тамызда 4,1% азайды



Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 7,1 % (немесе 1667,2 млн. долл.) азайды.

Ішкі валюта нарығында валюта сату, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасымен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың азаюы, Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету үкіметтің шоттарына валюта түсімдеріне қарамастан таза валюта қорларының азаюына әкеліп соқтырды.

Нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 1668,5 млн. долл. азайды, алтынның әлемдік нарықтағы бағасының 0,1 % өсуі нәтижесінде алтынмен активтер 1,3 млн. долл. өсті.

Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері тұрақты бағамен 7,2 %, ЕАВ-мен таза активтері - 7,6 % азайды, алтындағы активтер өзгерген жоқ.

2007 жылғы тамыздың бірінші жартысында Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің азаюы ақша базасының 3,2% (немесе 54,6 млрд. теңгеге) тарылуына себепші болды.