Бес кездесудің нәтижесінде қазақстандықтар тоғыз шайба соғып, жетеуін өз қақпасына өткізіп, 10 ұпай жинады. 1-дивизионның «В» тобында Франция хокейшілері көш бастады. 12 ұпаймен олар қазақстандықтар сияқты 2012 жылы жастар командалары арасында өтетін әлем чемпионаының «А» тобына қатысу құқығына ие болды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қазақстандықтар Польшада бес кездесудің екеуінде ғана Франция құрамасымен 1:2 және Италиямен - 0:1 есебімен жеңілді. Біздің құрама Жапония, Польша және Хорватия командаларын жеңіп, күміс жүлдеге ие болы.