«Біз ашық түрде, достық ниетпен біздің барлығымыз, әсіресе Еуразиялық экономикалық комиссия жұмыс жасауы тиіс минустар туралы айтуымыз қажет, Тауарлардың еркін жылжуын бәсекелестік жағдайы қатайтты, Қазақстанның КО елдерімен сыртқы саудада теңсіздігі арта түсуде. Осы жылдың 7 айында ғана Ресейден Қазақстанға импортталғаннан 3 есе көп тауар жеткізілді, ал Беларусьпен бұл алшақтық 8 есе ұлғайды», - деді ҚР Президенті.
Н.Назарбаевтың айтуынша, қазақстандық өнімдердің КО нарығына қолжетімдігіндегі қиындықтар сақталып отыр, өйткені тарифтік емес техникалық кедергілер пайдаланылуда, санитарлық, фитосанитарлық талаптар, сертификаттау, лицензиялау және т.б.шаралары көтеріліп кетті. Ал кейде көрінеу кедергі жасалады, өйткені Қазақстан мен Беларусьтің санитарлық сертификаттарында жоқ нормалар талап етіледі.
«Сөйтіп, біздің етіміз сияқты беларус тауарлары мен өнімдерінің Ресей нарығына жеткізілімі азая түсуі байқалуда... Техникалық реттеу саласын кеңейту бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсарту жөніндегі елдер келісімдеріне қайшы келіп отыр», - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.
Электр энергиясы саласында да мәселелер бар. Мәселен, тиісті келісімдер жасауда Ресей энергия жұйесімен байланысты ерекше режим көзделген. Соның нәтижесінде тұтынушылардың электр энергиясын жеткізушілерге еркін қолжеткізуі болмай тұр, Қазақстан Ресей аумағы арқылы Беларусьқа электр энергиясын транзит арқылы өткізіп сата алмайды.
«КО Кедендік кодексі кәсіпкерлер мен басқа да қатысушылардың тарапынан үлкен сынға ұшырауда. Кодексті ырықтандыру және шекарадағы кедендік рәсімдерді барыша оңайлату қажеттігіне назар аударғым келеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметі бұл теңсіздіктер мен кедергілерді жоюға бағытталуы тиіс», - деп қосты Президент.