Қазақстанның көлік саласын дамытуға таяудағы үш жылда мемлекеттік бюджеттен 1,3 трлн астам теңге бөлу жоспарланған

"Республикалық бюджеттен 2009 - 2011 жылдары транспорт саласын дамытуға 1 трлн 306 млрд теңге, соның ішінде 2009-жылы - 371 млрд теңге сұрадық", -деді С. Рахымбекова.

Жоспарланған бюджеттің 80% даму бағдарламаларын жүзеге асыруға, шамамен 400 млрд теңгесі облыстық, Алматы және Астана қалалық бюджеттерге жергілікті инфрақұрылымды дамытуға мақсатты трансферт ретінде бөлінеді.

Республикалық бюджеттік комиссияның соңғы отырысында министрліктің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына қолдау көрсетіліп, 2009 жылы 66 млрд теңге бөлінетін болды, бұл ағымдағы жылғы қаражат көлемінен 17,3 млрд теңгеге, немесе 35%-ға артық, деді департамент директоры.