Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі 2011 жылға дейінгі теміржол саласын дамыту және реформалау жөніндегі кешенді шаралары әзірледі

"Министрлік Үкімет тапсырмасына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен, "Самұрық Холдингі" және "Қазақстан теміржолы" ҰК-мен бірлесе отырып, 2011 жылға дейінгі теміржол саласын дамыту және реформалау жөніндегі кешенді шараларын әзірледі, ол жақын уақытта үкімет қарауына енгізіледі",- деп мәлім етті С. Ахмтеов.

С.Ахметовтің айтуынша, кешенді шараларда "саланы дамытудағы мемлекет, ұлттық компания және жеке сектор арасындағы жауапкершілік нақты айқындалған". "Қазақстан теміржолы тасымалдау" ҰК тасымалдау үдерісіне қатысушылардың өзара іс-әрекеті үшін жауапты ретінде біртұтас технологиялық холдинг қызметін жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының теміржол әкімшілігшігнің функицсы мен ұлттық компания ұлттық тасымалдаушы мәртебесін сақтап қалады", - деп түсіндіріп өтті министр.