Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін дамытудың техникалық-экономикалық негізін әзірледі

"Елбасының тапсырмасына сәйкес Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізды дамытудың, бес халықаралық және он екі аймақтық транспорттық-логистикалық орталық құрудың кешенді техникалық-экономикалық негізі әзірленді",- деді С. Ахметов.

"Жобаның құны - 900 млрд теңге немесе 7 млрд АҚШ доллары көлемінде",- деп қосты министр.

С. Ахметов сондай-ақ, "жобаны қаржылай қамтамасыз ету мақсатында концессияның кеңінен қолданылатын механизмдерінен мемлекеттік-жеке серіктестік, сонымен қатар халықаралық қаржы институттарын ынтымақтастыққа тарту жоспарлануда", деп атап өтті.