Қазақстанның логистикалық қызметтер нарығы 24 млрд доллардан астам - сарапшы


Бұл туралы PONY EXPRESS-Қазақстан компаниясының бас директоры Евгений Забиякин мәлімдеді.
«Қазақстанның логисткиалық қызметтер нарығының мөлшері бүгінг ітаңда 24 млрд $-дан асады. 2009 жылдан бастап нарық 86%-ға ұлғайды. Біз осы нарық өсімінің әлеуетін кемінде жылына 17% деп бағалаймыз. Қазақстан қазіргі таңда логистикалық транзитер деңгейіне шоғырланатынын ескере отырып, біз келешекте логистикаға сұраныс күрт артады деп пайымдаймыз», - деп Е.Забиякин бүгін Алматыда PONY EXPRESS-Қазақстан компаниясының жаңа стратегиясына арналған баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Қазақстанда логистикалық қызметтер Алматы, Астана, Атырау, Ақтау, Қарағанды қалаларында барынша қарқынды дамып отыр. Нарықтың шамамен 72%-ы B2B форматына тиесілі.
Былтырмен салыстырғанда B2C форматы артқаны байқалады, ол екі  есеге өскен. Өсімді арттырып отырған – интернет сауда, келешекте ол жалғасады, дейді ол.