Қазақстанның локомотивтері ТЖЫҰ сарапшыларының жоғары бағасына ие болды

«Қазақстан темір жолы» компаниясынан мәлім еткендей, зауытқа Беларусь, Латвия, Ресей, Украина теміржолдарының сондай-ақ, кеңес модераторы, ТЖЫҰ 5-ші комиссиясының төрағасы Милан Гржебачка сапар жасады.

Комиссия өкілдері өндіріс кезеңдерімен, зауыттың қуатымен, жаңа құрылғылармен сондай-ақ, ТЭ33А локомотивтерін шығару барысында қазақстандық мазмұнды арттыру жоспарлармен танысып, зауыт пен Эстониядағы ірі көлік кәсіпорны - «Vopak» компаниясы арасында жасалған меморандум жайында құлағдар болды. Аталмыш меморандум аясында жуырда қазақстандық локомовтивтер сертификациялық процедуралардан өту үшін Эстонияға жол тартпақ. Сәйкестік сертификаты алынғаннан кейін отандық тепловоздар үшін эстониялық нарыққа жол ашылатын болады.